"Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын
заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1587 тіркелінген,
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік
бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы № 42-П бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Респуликасының Көлік
және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2003 ж. 2 желтоқсандағы № 101-ө бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлікті бақылау комитеті төрағасының 2006.19.04. № 28-ө бұйрығымен күші жойылды
"Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы № 42-П бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1587 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесіне: