Введите номер документа
Прайс-лист

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері (150.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 03.12.03 ж. № 493 бұйрығымен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 3 декабря 2003
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2003 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 493 бұйрығымен бекітілген

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 08.12.04 ж. № 625 бұйрығымен күші жойылды

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері
(150.00-нысан)
1. Жалпы ережелер

1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қызметтің айрықша түрі мыналар болып табылатын әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды:

1) косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсету;

2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру;

білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары орта оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсету;

3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнесті қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсету;

4) кітапхана қызметін көрсету.

2. Декларация Декларацияның өзінен (150.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (150.01 - 150.04 нысандары) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияларды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!