Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген қосалқы бухгалтерлiк есептi және Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 қаулысы
(2006.18.02. берілген толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiн бұдан әрi дамыту мақсатында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмде мынадай талаптарға сәйкес әзiрленген дербес бақылау iс-шараларын орындау жөніндегі жоспарды орындау мерзiмiн және осы iс-шараларды орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынатын болсын:
1) мынадай шарттар сақталған кезде барлық жасалатын операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлiк есеп жүргiзудi қамтамасыз етсiн:
барлық жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету тәртібін реттейтiн бекітілген iшкi құжаттардың болуы;
тиiстi бөлiмшелердiң (фронт- және бэк-офистер) жұмыс тәртібін реттейтiн бекітілген iшкi құжаттардың болуы;
барлық жасалатын операциялар, оның iшiнде есеп айырысу-касса операциялары, кiрiстер мен шығыстар, кадрлар және жалақы, негiзгi құрал-жабдықтар мен тауар-материалдық құндылықтар (қорлар), бағалы қағаздар, салымдар, дебиторлық және кредиторлық берешектер, бюджет және бюджеттік бақылау, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi бойынша қосалқы модульдердiң болуы;
автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi және басқа да қызметтер бойынша жеке-жеке қосалқы бухгалтерлiк журналдардың (шарттарды (операцияларды) тiркеу журналдарын қоса алғанда) болуы, сондай-ақ талдау есебiн жүргiзу;