"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел
санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда № 2349
тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 181
бұйрығы
ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.29.06. № 240 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес бұйырамын:
1. "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда № 2349 тіркелген, 2003 жылғы 16 тамызда "Ресми газетте" № 33 жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу ережесінде:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс".
2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"СЭҚ-қа қатысушыда арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орны деп тану туралы кеден органы шешімінің болуы;
тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 50 реттен кем емес.".