Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот
актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауды бекіту
туралы", № 2167 санмен тіркелген, 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 76
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Бас прокурорының 2004 жылғы 19 мамырдағы № 29 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2006.27.06. № 37 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының өзгеруіне байланысты азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18 баптарын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. ҚР Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 76 бұйрығына (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2167 санмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативті құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 14, 835б.) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауда:
3 тармақтағы "заңсыз сот актілеріне наразылық келтіруді" деген сөздерден кейін "азаматтық істерді қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімдерін сақтауын тексеруді" деген сөздермен толықтырылсын;
4 тармақтағы "мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы" деген сөздерден кейін "банкроттық туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;