Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 592-II Қазақстан Республикасының Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 9 июля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 9 июля 2004

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жедел-iздестiру қызметi
мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 9
шілдедегі № 592-II Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат):

1) 16-баптағы "кеден iсiн" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 23-баптың 9) тармақшасындағы "сатып алуға" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және "құқылы." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

"10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқылы.".

2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат):

1) 6-баптың бiрiншi бөлiгiнiң и) тармақшасындағы "органдары" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және "жүзеге асырады;" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:

"к) кеден органдары жүзеге асырады.";

2) 10-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн ", кеден" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 12-баптың 2-тармағында:

екiншi бөлiктiң а) тармақшасындағы "және қаржы полициясы" деген сөздер ", қаржы полициясы және кеден" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік "қаржы полициясы" деген сөздерден кейін ", кеден" деген сөзбен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

Н. Назарбаев




























 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами