№ 2383 тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының
магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N
354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
2004 жылғы 5 маусымдағы № 520 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 Бұйрығымен күші жойылды
Магистрлерді даярлаудың сапасын одан әрі арттыру мақсатында Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы № 354 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 2383 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында, 2003 ж., 23-24, 860-бет жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерінде:
2-тармақтағы "жоғары базалық және арнайы жоғары" деген сөздер "кәсіптік жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "даярлау бағыты" деген сөздері "мамандықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы:
2-абзацтағы "даярлау бағыттарының" сөздері "мамандықтар" сөзімен ауыстырылсын;