№ 2003 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен
капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған
салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002
жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті
төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 344а бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды (бұдан әрі - халықаралық шарттар) әкімшіліктендіру тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды (бұдан әрі - халықаралық шарттар) әкімшіліктендіру ережелеріне (бұдан әрі Ережелер) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жыл, № 8, 804-құжат, "Казахстанская правда" 2003 жылғы 12 сәуір, № 105-106 (24045-24046) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру Ережелерінде:
1) Ережелердің барлық мәтіні бойынша:
"№ 2 нысан бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;