Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 2 шiлдедегi № 735 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
14 қыркүйектегі № 961 қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. "Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 2 шiлдедегi № 735 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесінде:
1-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | Д. Ахметов |