Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1124 болып
тіркелген "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша
қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 484 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы № 167, 2001 жылғы 29 мамырдағы № 150, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 4 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:
3-тармақтағы "қызметінің айрықша (жалғыз) түрі құқығында" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақта:
1)-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;