ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1237 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы Келісімді қара
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкiметі
арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен
"Байқоңыр" кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай
кенттерінiң тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы
келісім
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1339 қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келісімдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау шартын және 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, оның атқарушылық билiк ету органдарын қалыптастыру тәртібі мен мәртебесі, туралы келісімдi негізге ала отырып,
тиiмдi медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету саласындағы өзара iс-қимылды одан әрі дамыту мен жетілдiру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде мынадай негiзгi терминдер пайдаланылады:
"жедел және шұғыл көмек" - азаматтардың денсаулығына қауiп төндiретін жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтер кешенi;
"амбулаториялық-емханалық медициналық көмек" - емханада болсын, үйде болсын алдын-алу (диспансерлік бақылау, оған денi сау балаларды да қоса), диагностикалау, консультация беру және ауруларды емдеу іс-шараларды жүргiзу енетiн медициналық қызметтер кешенi;