Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы
активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін
бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 382 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.30.07. № 273 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына, "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: