"Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттарды құру
туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж.
9 ақпандағы № 803 Жарлығына түсініктеме
Мемлекет басшысы қол қойған бұл Жарлық "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік және басқа) соттарды құру мүмкіндігі көрсетілген 3-бабына сәйкес талдап жасалды.
Экономикалық соттарды құру қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің кеңестері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі шаралар туралы" № 95 Өкімінде көрсетілген еді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 535 Жарлығымен байқап көру ретінде Алматы және Қарағанды қалаларында ауданаралық мамандандырылған эконмикалық соттар құрылған болатын.
2001 жылғы маусымда өткен Қазақстан судьяларының үшінші съезінде республика Президенті мамандандырылған соттар жүйесін - бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жөніндегі жұмысты жалғастыру міндетін қойды.