Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының
1996 ж. 14 қарашадағы N 4 қаулысы.
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 593 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi үшiн (бюджеттiк ұйымдардан басқа) бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) бекiтiлсiн (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына сәйкес):
БЕС 13 "Бiрiктiрiлген қаржылық есептiлiк және еншiлес серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу";
БЕС 14 "Бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу";
БЕС 15 "Қаржылық есептiлiкте бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiн көрсету".
II. Былайша белгiленсiн:
1. Бұл стандартты Қазақстан Республикасы Президентiнiң "бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағында анықталған Қазақстан Республикасының барлық субъектiлерi 1998 жылға қаржылық есептiлiктi жасаған кезде пайдалануға мiндеттi.
2. БЕС-тарын субъектiлер есептердi бiрiктiрген кезде, бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды, бiрлескен қызметтегi қатысу үлесiн көрсеткен кезде 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануына болады.
III. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Л.Ж. Айтхожина бекiтiлген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркетудi қамтамасыз етсiн.