Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері Бұйрық Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 9 шілде N 57
Осы редакция Әділет министрлігінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу қағидасы;
2) Сайлау қорлары тiзiлiмiнiң нысаны;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн арыз нысаны;
4) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысаны;
5) саяси партияның сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн арыз нысаны;
6) саяси партияның сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысаны бекiтiлсiн.
2. Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық басқару органдарына сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру тапсырылсын.
3. Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық басқару органдары 1999 жылдың 25 шiлдесiне дейiн Сайлау қорларының тiзiлiмiн, сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бланкiлерiн және тiркеуге берiлетiн арыздарын қажеттi мөлшерде тағайындауға тапсырыс берсiн және әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiмен 1995 жылғы 19 қазанда бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы" Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-Министрi М.Қ. Уәйiсовке жүктелсiн.
6. Осы Бұйрық нормативтiк құқықтық акт ретiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
"9" шілде 1999 ж.
N 57 бұйрығымен бекітілген
Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу
қағидасы
1. Жалпы ережелер