Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы N 1749 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. N 1342 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. N 1342 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жыл бойы тұрақты қолданылып келген уақыт белдеуі 1 сағатқа озық жүргізіледі (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа) деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы аумағында сағат тілі жыл сайын наурыздың соңғы жексенбісінде сағат 2-де 1 сағат алға ("жазғы" уақыт) және қазанның соңғы жексенбісінде сағат 3-те 1 сағат кері қосымша жылжытылады деп белгіленсін.