Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнің эталондық базасын
дамытудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 614 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.12.01 ж. N 1658; 24.04.02 ж. N 470
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 13 наурыздағы N 242 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. N 470 қаулысымен 1-тармақ күшін жойды
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарында:
3.7.2.5.-тармақтың "Iс-шара" бағанындағы "физикалық" деген сөз алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 19.12.01 ж. N 1658 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 10 мамырдағы N 614 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
шамалар бірліктерінің эталондық базасын
дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған
Бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 19.12.01 ж. N 1658 қаулысымен Бағдарлама өзгертілді
1. ПАСПОРТ
Атауы Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң
эталондық базасын дамытудың 2001-2003 жылдарға
арналған бағдарламасы.
Бағдарламаның қысқашамазмұны жетілдiруге және экономика салаларының