Бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының
2002 ж. 12 наурыздағы N 303-ІІ
Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бал ара шаруашылығы - ауылшаруашылық өндірісінің саласы, оның жұмыс істеу негізгі этнофильді өсімдіктерді тозаңдандыру мен олардың өнімділігін арттыру, бал ара шаруашылығы өнімдерін алу үшін бал араны өсіру, ұстау және пайдалану болып табылады;
2) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;
3) бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшігінде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бірлік;
4) бал ара бал ұясы - бал ара бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;