Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239 бұйрығында:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi нұсқаулықта:
нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
1 - Қазынашылық рұқсаты нысанын толтыру тәртiбiнде:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- 1-бағанда он белгiден тұратын бюджеттiк сыныптама коды: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 3 сан, кiшi бағдарлама - 3 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан (Қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, мемлекеттiк ақпараттық "Баск-М" жүйесiнде (бұдан әрi - "Баск-М" жүйесi) жұмыс iстейтiн министрлiктер мен ведомстволарды қоспағанда), бұлармен бюджеттiк сыныптама коды "Баск-М" жүйесiнде қолданылатын және он белгiден тұратын Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларына сәйкес көрсетiледi: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 2 сан, кiшi бағдарлама - 2 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан, бұлар бойынша шығыстар жүргiзу рұқсат етiлген;";