2004 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 9 наурыздағы N 290 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылғы егiннiң бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттiк астық ресурстарына мемлекеттiк сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 478317 (төрт жүз жетпiс сегiз мың үш жүз он жетi) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте:
1) 2004 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 2650680000 (екi миллиард алты жүз елу миллион алты жүз сексен мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 199000 (бip жүз тоқсан тоғыз мың) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;