Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың
және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке
тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбiр
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
14 қыркүйектегі N 960 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйымдар) акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың иелігiнде бар уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарға - оны ұйымдастыру үшiн заңнамаға сәйкес иелігінде бар ақшаны мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру құқығы бар ұйымдар үшiн 10 (он) пайызға дейiн;
2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi;
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi;
Азия Даму Банкi;
Ислам Даму Банкi;
Еуропа Инвестициялық Банкi;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Америкааралық Даму Банкi;
Халықаралық Есеп айырысу Банкi;
Африка Даму Банкi.