Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 883 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:
«96-1) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 106-3) тармақшамен толықтырылсын:
«106-3) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 115-2) тармақшамен толықтырылсын:
«115-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«126-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
126-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;

Добавить в список основных источников в Google