Все сервисы
Zanger
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
2000 ж. 18 желтоқсандағы N 126-II Заңы
(ҚР 16.05.03 ж. N 416-11; 11.06.03 ж. N 436-11 Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңдар
1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

Добавить в список основных источников в Google