Все сервисы
Zanger
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 шілдедегі № 189 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) 3-тармағының 10) тармақшасының, 6-тармағының екінші бөлігінің, 379-тармағының 13) тармақшасының, 2-қосымшасының 1-тармағының 1-бөлігінің және 2-тармағының;

Добавить в список основных источников в Google