Все сервисы
Zanger
«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 58 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 48 Қаулысымен күші жойылады (2026 ж. 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21126 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың мынадай нысандары бекітілсін:
Демо – версия документа