Все сервисы
Zanger
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 246 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) спутниктік навигация аппаратурасы - автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;».
2. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google