«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 238 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдедегі «Заң газеті» газетінде № 105 (2113) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
2-бөлімі 4-тараудың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, еңбек өтілі әлеуметтік қорғау немесе халықты жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономиканың басқа салаларының басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.»;
3-бөлім. «Мамандардың лауазымдары» мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау
және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер