«Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 11-1-4/544 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібінде:
2-тарауда:
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Орталық және өңірлік деңгейлерде инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша уәкілетті органның ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, Ұлттық палатамен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Уәкілетті орган инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Ұлттық палатамен өзара іс-қимыл шеңберінде: