Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 43 Қаулысы
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы | Т. Сулейменов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 43 қаулысымен
бекітілді
Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер