«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 388 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін
атқарушының
2017 жылғы 25 қазандағы
№ 360 бұйрығымен
бекітілген»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы);
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Неке және отбасы туралы кодекс);
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң);
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Тіл туралы заң);