«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 316 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе шағын, орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе шағын, орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:
«4-1-Параграф. Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары