«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі № 165 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Комитетке заңдармен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.»;
14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.»;
15-тармақта:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: