2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға № 2 өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі 2000 жылғы 18 ақпан № 65
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005.02.06. № 75 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 желтоқсандағы № 1002 "Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау жөніндегi шаралар туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 199 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 715 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"6.2.258.30.30 Жұмыспен қамту орталығы