Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Yкіметі
арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы
Келісім
(Астана қ., 2003 ж. 25 желтоқсан)
(2014.07.11. берілген өзгерістермен)
2004 жылғы 25 мамырдағы № 554-II ҚР Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1997 жылғы 8 сәуiрдегі Мәңгiлiк достық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
екi мемлекет арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль жолаушы және жүк қатынасын өзара негiзде дамытуға тiлек бiлдіре отырып, сондай-ақ осы қатынасты жеңiлдетуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
1. Осы Келісімге сәйкес Тараптар мемлекеттерi арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен үшінші елге(ден) жолаушылар мен жүктердiң тасымалдары жүзеге асырылады.
2. Осы Келісім Тараптардың олар жасаған басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
2-бап
Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндіру мақсатында төмендегі терминдер мыналарды бiлдіреді:
а) «құзыреттi органдар»:
- Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі,
6, 10 және 15-баптар қатысында - Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлігімен бiрлесiп.
- Қырғыз Тарабынан - Қырғыз Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі,
7, 8, 11 және 15-баптар қатысында - Қырғыз Республикасының Iшкі iстер министрлігімен бiрлесiп.
Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiледi;
б) «тасымалдаушы» - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген және ұлттық заңнамаға сәйкес жолаушылар мен жүктерiн халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға;
в) «автокөлiк құралы»: