Все сервисы
Qarzhy
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет және өнер ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қарашадағы № 1021 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет және өнер ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына жетекшілік ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:
жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:
«

Добавить в список основных источников в Google