Все сервисы
Qarzhy
Шымкент қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және қалған бөлігін бөлу нормативтерін белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 1307 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің 50 (елу) пайызы, оның ішінде денсаулық сақтау саласы 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Таза кірісінің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалсын.
Демо – версия документа