Все сервисы
Qarzhy
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 815 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 1213 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізілім жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - ЖСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде цифрлық жүйелердің негізінде құрылады;
3. Цифрлық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Тізілім біріктірілген және тіркеу-өндірістік бөліктеріне бөлінген.
4. Цифрлық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
5. Цифрлық жүйенің біріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорларын өзектендіру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
2) цифрлық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;
3) жеке тұлғалардың өзара іс-қимылын оңтайландыру арқылы мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жетілдіру.»;
7- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google