ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.01.08. № 287 бұйрығымен (2023 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.08. № 269 бұйрығымен (2024 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.14.03. № 82 бұйрығымен (2025 ж. 26 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
10-қосымша
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2026.24.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: