«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 92/НҚ бұйрығы
(2026.13.09. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.28.08. № 522/НҚ бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 595/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33727 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: