Қағида 2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
Осы қағидаға өзгерістер енгізу туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196 бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидалары
(2026.17.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026.31.03. № 52 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі - кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Кандидат осы Қағидаларға сәйкес конкурс басталғанға дейін не конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалауға кандидаттарды тестілеуден өтуге құқылы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
4. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтпейді.