«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 812 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыруды;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібі»;
50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Запастағы офицерді және запастағы сержантты әскери қызметке тиісінше офицер және сержант құрамының лауазымдарына шақыру Заңның 32-бабына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткен, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер және запастағы сержанттар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ отыз екі жасқа дейінгі медицина қызметінің запастағы офицерлері әскери қызметке шақырылады.