Осы редакция 2026 ж. 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен 8-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
8-қосымша
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2023.24.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі - Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;