ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.08.08. № 269 бұйрығымен 21-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.22.10. № 387 бұйрығымен 21-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
21-қосымша
«Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
(2026.24.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі - осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;