«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 190-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) біліктілік санаты - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі - Кәсіптік стандарт) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;»;
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: