«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;
7-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден ұсынылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: