ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 37-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сəйкес көмірсутектерді барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы берілген жер қойнауын пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бөліктерін) басқа жер қойнауын пайдаланушыға «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сəйкес бірлескен аумақта операцияларды жүргізу тəртібі туралы өздерінің арасында жасалған келісім болған кезде көмірсутектерді барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.»;
2) 94-баптың 2-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау үшін мерзім бір жыл болып немесе топырақтың құнарсыздануы жəне тозуы анықталған кезде осы тармақтың бесінші бөлігіне сəйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бонитет балдарының мынадай көрсеткіштері бойынша топырақтың құнарсыздануы жəне тозуы анықталған кезде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
1) бонитет балы жиырмаға дейін болған кезде - бес жыл;
2) бонитет балы жиырмадан қырыққа дейін болған кезде - төрт жыл;