«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 32 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Ұлттық статистика бюросына заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
14-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
15-тармақта:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: