Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 318-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарттарында:
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау өткізу;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген. Интернет-ресурс басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін;».