Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын:
«Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы»;
2) бүкіл мәтін бойынша «процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Нормативтік қаулының ережелері бұрын шығарылған айыптау үкімінің күші жойылған және ақтау үкімі шығарылған не қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда жеке айыптау істеріне де қолданылады.»;
4) 2-тармақта:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) деген сөздер «ҚПК-нің» деген сөздерге ауыстырылсын;
бесінші абзацта: