Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі 1998 жылғы 16 қарашадағы № 534 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 29.11.04 ж. № 421 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Шетелдік іссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 39 қазандағы № 1080 қаулысының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормалары туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 967 қаулысына сәйкес және шекарадан тыс жерлерде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің іссапар шығыстарын өтеуді ретке келтіру мақсатында Бұйырамын:
1. Қызметкерлер шекарадан тыс жерлерге қысқа мерзімді іссапарға шыққан кезде іссапарлар шығыстар сомаларының қоса беріліп отырған есебі бекітілсін.
2. Шекарадан тыс жерлерде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің іссапар шығыстарын өтеуі, растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормалары туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 967 қаулысына қосымшаға сәйкес іс жүзіндегі шығыстар бойынша жүргізіледі деп бекітілсін.
3. Бюджет департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
1998 жылғы 16 қарашадағы
№ 534 бұйрығына қосымша
Қызметкерлердің шетелдерге қысқа мерзімді іссапарларға шығу
кезінде іссапарлар шығыстары сомасының
Есебі
АҚШ долл. өлшем бірл.
______________________________________________________________________
Елдер !Тәуліктік! Бір орынды стандарттық нөмірдің құны
! !______________________________________
! ! Отель
! !______________________________________
! !5 жұлдызды!4 жұлдызды !3 жұлдызды
_____________________!_________!______________________________________
АҚШ 70 231 205 186
Ұлыбритания 70 245 192 171
Германия 70 245 217 186